Халықаралық Сократ сыйлығына Қазақстанның халық емшілері ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық Сократ сыйлығына Қазақстанның халық емшілері ие болды

Халықаралық Сократ сыйлығына Қазақстанның халық емшілері ие болды

Қазақстанның екі халық емшісі «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығына ие болды.

  • 14 Маусым 2011
  • 1120
Фото - Caravan.kz


Патриарх Кирилл, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей Мемлекеттік Думасының экс-спикері Геннадий Селезнев, Түркия президенті Абдулла Гүл және қазіргі заманның басқа да белді тұлғалары ие болған аталмыш сыйлық енді, Қазақстанның кәсіби халық емшілері республикалық қауымдастығының президенті Бауыржан Нұржанов пен қауымдастықтың Өскемен қаласындағы филиалының директоры Базылхан Дүсіповке бұйырды.

Еске салайық, өткен жылы қараша айында Сократ сыйлығын ҚР халық әртісі, Қазақстанның бірінші балетмейстері Болат Аюханов алған болатын.

Агенттік тілшісіне сұхбат берген Б.Нұржановтың айтуынша, бұл жолы халықаралық деңгейдегі белді сыйлық ТМД елдерінің ішінде Қазақстанның тек екі азаматына бұйырған. Б.Нұржанов халық емшілігімен 18 жыл бойы айналысып келеді, ал Б.Дүсіпов бұл «кәсіпке» өмірінің 36 жылын арнады. Халық ықыласына бөленген емшілер игі істерін бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді.

Б.Нұржановтың сөзіне қарағанда, Сократ сыйлығын тағайындаушылардың емшілер туралы мәліметтер жинай бастауына Б.Дүсіпов туралы интернетке орналастырылған бейне-роликтер, емшінің ем-домынан шипа алған көпшіліктің жүрекжарды тілектері мен алғыстары себеп болған.

Халықаралық Сократ сыйлығы — кәсіби салада жеткен жетістіктердің халықаралық деңгейде мойындалуы болып табылады. Сондықтан лауреаттарды таңдау барысында олардың мінсіз беделі, қоғамдық және әлеуметтік бағдарламаларға қатысуы, мемлекет алдындағы еңбегі және жағымсыз пікірлердің болмауы — басты алғышарттар болып табылады.

Сыйлықты тапсыру 19-22 маусым күндері Ұлыбританияның Оксфорд қаласында өтеді.

Қазақстан Республикасында халық медицинасы Конституциямен қорғалған. 1992 жылы 10 қаңтарда «Халық денсаулығы туралы» ҚР Заңына алғаш рет Қазақстан Республикасындағы халық емшілерінің жұмысын реттейтін бап енгізілді. Ал 1997 жылы 19 мамырда «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» жаңа Заң қабылданып, онда халық медицинасына жеке бап арналды.

Соңғы жаңалықтар