Халықаралық валюта қоры алдағы уақытта Кавказ бен Орталық Азия елдерінде инфляция бірқалыпты өсетіндігін болжауда
Алдағы уақытта Кавказ бен Орталық Азия (КОА) елдерінде инфляция бірқалыпты өседі. |
Бұл туралы бүгін Алматыда Халықаралық валюта қорының КОА елдерінің даму келешегі туралы кезекті баяндамасының таныстырылымында айтылды.
«Инфляцияның төмендеуіне азық-түлік бағасы ықпал етті. Дегенмен, алдағы уақытта инфляция бірқалыпты өседі деп болжануда. Оған жаздағы азық-түлік бағасының өсуі түрткі болуда. Ал қазақстандық инфляция соңғы айда тарихи төменгі шегіне дейін жетті. Пайыздық мөлшерлеме биыл 4 рет азайды. Алдағы уақытта біз тарифтің өсуі мен халықаралық деңгейдегі азық-түлік бағасы инфляцияның көтерілуіне әкеледі деп санаймыз», - дейді Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Юха Кяхконен.
Оның айтуынша, 2010 жылы КОА елдері арасында жалпы ішкі өнімдегі азық-түлік импортының ең төменгі үлесі 2007-2008 жылдармен салыстырғанда - Қазақстанда (2,1-ден 2 пайызға дейін). Бұл Қырғызстанда - 11, Грузияда - 8, Арменияда -7, Әзірбайжанда - 2,2 пайызды құрауда. Ал 2010 жылғы тұтыну бағасы индексіндегі ең төменгі азық-түлік үлесі Қазақстан мен Грузияда (39 пайыз) тіркелді. Бұл Тәжікстанда - 60, Өзбекстанда - 58, Түрікменстанда - 55, Әзірбайжанда - 52, Армения - 48, Қырғызстанда - 47 пайыз болуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін