Халықаралық валюта қоры алдағы уақытта Кавказ бен Орталық Азия елдерінде инфляция бірқалыпты өсетіндігін болжауда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық валюта қоры алдағы уақытта Кавказ бен Орталық Азия елдерінде инфляция бірқалыпты өсетіндігін болжауда

Халықаралық валюта қоры алдағы уақытта Кавказ бен Орталық Азия елдерінде инфляция бірқалыпты өсетіндігін болжауда

Алдағы уақытта Кавказ бен Орталық Азия (КОА) елдерінде инфляция бірқалыпты өседі.

  • 12 Қараша 2012
  • 325
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда Халықаралық валюта қорының КОА елдерінің даму келешегі туралы кезекті баяндамасының таныстырылымында айтылды.

«Инфляцияның төмендеуіне азық-түлік бағасы ықпал етті. Дегенмен, алдағы уақытта инфляция бірқалыпты өседі деп болжануда. Оған жаздағы азық-түлік бағасының өсуі түрткі болуда. Ал қазақстандық инфляция соңғы айда тарихи төменгі шегіне дейін жетті. Пайыздық мөлшерлеме биыл 4 рет азайды. Алдағы уақытта біз тарифтің өсуі мен халықаралық деңгейдегі азық-түлік бағасы инфляцияның көтерілуіне әкеледі деп санаймыз», — дейді Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Юха Кяхконен.

Оның айтуынша, 2010 жылы КОА елдері арасында жалпы ішкі өнімдегі азық-түлік импортының ең төменгі үлесі 2007-2008 жылдармен салыстырғанда — Қазақстанда (2,1-ден 2 пайызға дейін). Бұл Қырғызстанда — 11, Грузияда — 8, Арменияда -7, Әзірбайжанда — 2,2 пайызды құрауда. Ал 2010 жылғы тұтыну бағасы индексіндегі ең төменгі азық-түлік үлесі Қазақстан мен Грузияда (39 пайыз) тіркелді. Бұл Тәжікстанда — 60, Өзбекстанда — 58, Түрікменстанда — 55, Әзірбайжанда — 52, Армения — 48, Қырғызстанда — 47 пайыз болуда.

Соңғы жаңалықтар