Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Қазақстан экономикалық дағдарыстан шығудың дұрыс жолын таңдады деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Қазақстан экономикалық дағдарыстан шығудың дұрыс жолын таңдады деп санайды

Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Қазақстан экономикалық дағдарыстан шығудың дұрыс жолын таңдады деп санайды

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Қазақстан экономикалық дағдарыстан шығудың дұрыс жолын таңдады деп санайды. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Тим Каллен бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 658
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында әңгімелесушілер Қазақстанның ағымдағы экономикалық саясаты, қаржылық тұрақтандыру бағдарламасы мен қазіргі жаһандық экономика жағдайында экономиканы дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы мәселелерін талқылады.

Т. Каллен «ХВҚ соңғы жылдар бойына экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Қазақстан үкіметінің іс-қимылын үнемі қолдап келеді» деп атап өтті.

Атап айтқанда, ол мемлекеттік қаражат есебінен банктерді капиталдандырудағы үкіметтің шешімінен оң тиімділіктің күтілетіні туралы пікірін білдірді.

«Біз ағымдағы жағдайда бұл аталған кезеңдегі Қазақстанның банк секторындағы жағдайды тұрақтандыра түседі және экономика үшін өте пайдалы болады деп ойлаймыз»,- деді ХВҚ өкілі.

Жаһандық дағдарыс жағдайында экономикалық шаралар мен дер кезінде саяси шешімнің қабылдануының маңызын атап өте келе, Т. Каллен «Қазақстан үкіметінің саясаты елдің күрделі жағдайдан шығу жөнінде дұрыс жолда екендігінің куәсі»,- деп ерекше атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар