Халықаралық валюта қорының басшылығынан үміткер екі кандидат анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық валюта қорының басшылығынан үміткер екі кандидат анықталды

Халықаралық валюта қорының басшылығынан үміткер екі кандидат анықталды

Халықаралық валюта қорының Атқарушы кеңесі басқарушы директорлыққа өз кандидатураларын ұсынып отырған екі үміткерді қарайды.

  • 14 Маусым 2011
  • 337
Фото - Caravan.kz

Олар — Францияның экономика министрі Кристин Лагард және Мексика Орталық банкінің басшысы Агустин Карстенс. Бұл туралы РБК агенттігі Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәлімдемеде атап көрсетілгендей, қордың басқарушы-директоры қызметіне кандидатураларды ұсынудың мерзімі 10 маусымда аяқталды. Халықаралық валюта қоры жаңа басқарушы-директорды 2011 жылдың 30 маусымына дейін сайлауды жоспарлап отыр.

«Сайлау процедурасына дейін Атқарушы кеңес Вашингтонда кандидаттармен кездесулер өткізіп, «олардың күшті жақтарымен танысуды» жоспарлауда», — делінген ресми ақпаратта.

Халықаралық валюта қорының бұған дейінгі басшысы Доминик Стросс-Кан 2011 жылы 14 мамырда Нью-Йоркте адам зорламақ болды деп айыпталып, істі болған еді. Қазір ол үйқамақта отыр, ал оның ісі сотта қаралуда. Д.Стросс-Кан өзіне тағылған айыптаулардың бәрін теріске шығаруда. Дегенмен, 19 мамырда мәлімдеме жасалып, оның Халықаралық валюта қорының басшысы қызметінен кететіні жарияланды.

Соңғы жаңалықтар