Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ешқандай қысқарту болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ешқандай қысқарту болмайды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ешқандай қысқарту болмайды

Елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ешқандай қысқарту болмайды. Бүгін Инвеститция және даму министрлігі күтпеген жерден осындай мәлімдеме жасап отыр.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 223
Фото - Caravan.kz

Яғни, еліміздегі 250-ге жуық халыққа қызмет көрсету мекемесі жұмысын тоқтатпайды. Керісінше, Үкімет тарапынан құрылатын корпорацияға біріктіріледі екен. Бұл мемлекеттік мекеме қазіргі қызмет көрсету орталықтары атқаратын жұмыспен қатар тағы да 500 қызмет түрін көрсетпекші. Сондықтан шенеуніктер ешқандай қысқарту жүрмейді деп сендіріп отыр. Естеріңізде болса, кеше мәжілісте «Мемлекеттік қызметке қатысты» жаңа заң жобасын талқыланған болатын. Онда келесі жылдан бастап еліміздегі 250-ге жуық халыққа қызмет көрсету мекемесі жұмысын тоқтататыны туралы айтылған еді.

Сәкен Сәрсенов, ҚР Инвеститция және даму вице-министрі:

— Бұл жерде бір түсініспеушіліктер болған секілді. Негізінен халыққа қызмет көрсету орталықтары  ұлғаяды. Атқаратын жұмыстары да артады. Сондықтан қысқарту емес, керісінше қосымша адамдар жұмысқа алынатын болады.

Соңғы жаңалықтар