Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаудармашылар жұмысқа кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаудармашылар жұмысқа кірісті

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаудармашылар жұмысқа кірісті

Өскеменның халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаудармашылар жұмысқа кірісті. Іс қимылмен түсіндіруге машықтанған мамандар енді құлағы мен тілі мүкіс азаматтарға қызмет көрсетпек. Арнайы дайындықтан өткен осындай 100 қызметкер бүгін шығыстағы барлық ауыл-аймаққа аттандырылды.

  • 2 Қазан 2013
  • 262
Фото - Caravan.kz

Бұған әсіресе өз ойларын еркін жеткізе алмай, осыған дейін орта жолдан кері қайтып келген жарымжан жандар қатты қуанып отыр. Себебі бірін-бірі түсінбегендіктен қажетті құжаттына қол жеткізе алмаған олар көп қиындық көрген еді. Енді орталыққа бас сұққан мүмкіндігі шектеулі азаматтар аудармашының көмегіне жүгінбей-ақ құжатты өздері рәсімдей беретін болды. Шығыс Қазақстанда қазір осындай 40 мыңнан астам азамат бар екен.


Жадыра Төкенова, Өскемен қаласы ХҚКО қызметкері:

Алдында бізге бір клиент келді. Мекен-жай анықтамасын алу үшін деп ойлапты біздің қызметкерлер. Мені шақырған кезде, сөйтсем, ол балабақшаға жеңілдік үшін жұмыссызбызбын деген құжат алуға келіпті.