«Халыққа түсіндіре алмайсыңдар!» – Сағадиев Елбасынан сөгіс алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Халыққа түсіндіре алмайсыңдар!» – Сағадиев Елбасынан сөгіс алды

«Халыққа түсіндіре алмайсыңдар!» – Сағадиев Елбасынан сөгіс алды

Президент жаңа білім реформасын халыққа дұрыс түсіндіре алмаған Сағадиевке сөгіс айтып, ескерту жасаған, — деп хабарлайды 31 арна.

  • 26 Мамыр 2017
  • 5314
Фото - Caravan.kz

Соныман қатар, алдағы уақытта орта және жалпы білім беретін мекемелерде Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы Президент Назарбаевтың өзі хабарлаған.

Осындай ұсыныс айтқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министріне пәндер санын қысқартуды тапсырыпты.

«Халыққа түсіндіре алмайсыңдар!» Президент министр Сағадиевті осылай сынады. Білім министрімен бірге жүз өзгеретін білім саласындағы реформаларды халық дұрыс түсінбеген екен. Даудың басы осы, деді Президент.

Сөйтіп, Президенттен сөгіс естіген Сағадиев мырза, «үш тілді оқыту», «бескүндікке көшу» секілді бастамалар менің емес, 15 жылғы үкіметтің жұмысы»,-деп ақталыпты.

«Қазір түсіндіріп жатырмыз, мен сөйлеп жатырмын күн сайын. Ертең халықпен сөйлесіп бір түсіндіріп беремін дұрыстап», — депті министр.

«Бескүндік білімге көшу үшін оқуды ұзарту емес, пәндерді қысқарту керек. Например, қазақ тілі мен әдебиеті можно один предмет сделать? Литература и грамматика русского языка, история и география. Мы детей пичкаем ужасно много, такого нет в мире», — деді Назарбаев.

Қазақ тілі мен әдебиетін бір пән ретінде оқытуды министр де құптап отыр.  Президенттің пәрменін екі етпейтін Ерлан Сағадиев жоғары сыныптардағы пәндердің 30 пайызы қысқаратынын айтты. Бұл аяқ асты емес, төрт жылда жүзеге асады деген министр бес баланың әкесі ретінде «барлық реформа бала үшін» деп уәде етті. Ата-аналарды уайымдамауға шақырды.

Сондай-ақ президент әлем тарихын орыс, өзге техникалық, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды қазір ауадай қажет деп отыр. «Көзге құм құйған» деп кеңес кезін айыптаған Назарбаев тамақ тауып жегің келсе тіл білу міндетті деп кесті.

Сондай-ақ президент бюджеттен ақша ұрлап, жемқорлыққа барған шенеуніктерді темір торға қамаудың қажеті жоқ деді. Жегендерін он есе қайтарып, мүліктерін тартып алған соң олардың қол-аяғын байлаудың қажеті не деген Нұрсұлтан Назарбаев түрменің тәрбиелейтініне күмәнмен қарайды.


Тіпті оларды абақтыға отырғызып, асырау үшін ақша шашудың керегі жоқ деген президент түрмедегі адам санының 40 пайызға азайғанын айтты.

Ескерте кетейік, осыған дейін «Abai.kz» порталы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің орта мектептерге үш тілділік жүйені енгізу туралы бастамасына қатысты дүркін-дүркін мақалаларды өз алаңында жариялап келеді. Қазақстан Президентінің атына Ашық хат жолдап, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатынын айтты.

PS: Қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі проблема – этнолингвистикалық фактор екені рас-ақ.

Өткен жолы министр Ерлан Сағадиев мырза мысал келтіріп айтқаны да осы айырмашылық болса керек. Өз сөзінде Қазақстандағы қазақ тілді мектептердегі оқушылардың білімі орыс тілді мектептермен салыстырғанда 2 есеге артта қалған деп еді. Қазақ тілінінің есебінен ағылшын тілін үйрету саясатын мықтап қолға алған министрдің ендігі қадамы қандай болмақ?

Нұргелді Әбдіғаниұлы,