Қазір елімізде түрлі ұтыс ойындарын өткізетін жүзге жуық компания бар. Олар құмар ойындардың көрігін қыздырып бюджетке соқыр тиын төлемей келген. Енді көбісінің есігіне қара құлып салынып, нарықта бірді-екілісі қалады. Тіпті мемлекет бұл саланы толық өз меншігіне алмақ ойы бар. Сөйтіп лотореядан түскен табысты қазынаға аударып, әлеуметтік саланы дамытуға жұмсамақ. Мұндай бастаманың авторы -Спорт Агенттігі. Бүгін үлкен шу тудырғалы тұрған құжат Мәжілістің қарауына түсті. Заң жобасын қызу талқылаған депутаттар еліміздегі букмекерлік кеңселерді тегіс жабу керек деп айғай салды. Бірақ шенеуніктердің қолы оларға әзірше жете қоймаған. Ал ұтыс ойындарын жүргізетіндерді нағыз «алаяқтар» деп ашық айтқан Спорт Агенттігінің төрағасы бастамасын бекіттіріп алса, дереу іске кіріспек.
Ерлан Қожағапанов, ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы:
– Бұл сала лохотрон боп кеткен. Жалпы, халықаралық тәжірибеде әр мемлекетте лотореядан әлеуметтік салаға ақша түседі. Сосын 1 мемлекетте 1-2 компания болады, бізде бақандай 70 компания.