Отырысқа қатысушылар Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Ресей тарапынан Қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынылған резолюция жобасын талқылады. Онда лаңкестердің халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару мен оларды тасымалдау құралдарына қол жеткізуге жасайтын кез-келген талпынысына жол бермеуді көздейтін нақты шаралар дәйектелген.
Е.Қазыханов өз сөзінде Қазақстан тарапынан қару жасауға арналған матреиалодар мен технологияларды экспорттау, сақтау және өндіруге бақылау қою жөніндегі ұлттық жүйені жетілдіру және оны нығайту бағытытнда белсенді жұмыстар тындырылып отырғанын атап өтті. Е.Қазыхановтың пайымдауынша, қару -жарақ пен оның құрамды бөліктерінің мелмекеттік емес субьектілерінің қолына түсіп кетуіне жол бермеу жөніндегі Қауіпсіздік кеңесі ұсынған шараларды орындау көп жағдайда БҰҰ-на мүше елдердің бірлескен күш-жігері мен саяси ықтиярлығына байланысты.
Е.Қазыханов сондай-ақ, Қазақстанның өз тарапынан қару-жарақ таратпау жөнідегі халықаралық тәртіпті нығайтуға, қадағалау тетіктерін күшейтуге, осындай қару-жарақ түрлерін пайдаланып кету мүмкіндіктеріне жол бермеуге бағытталған күш-жігерін ешқашан босаңсытпайды деп атап өтті.
Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында БҰҰ-ға қатысушы 50-ге тарта елдің өкілдері сөз сөйледі. Атап айтсақ, олар халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару мен оларды тасымалдау құралдарының лаңкестер қолына түсу қаупінің барған сайын арта түскендігі, осыған байланысты әлем елдерінің ұлттық деңгейде шешуші қадамдар жасауы тиіс екені айтылды. Бас қосуға қатысушылар осындай резолюция қабылдануының өзектілігі мен уақытын тапқандығын алға тартты. Ресзолюция сәуір айының соңында басым дауыспен қабылдануы тиіс.