Халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты таратпау саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық жалғасын табады - АҚШ сенаторы Лугар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты таратпау саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық жалғасын табады - АҚШ сенаторы Лугар

Халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты таратпау саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық жалғасын табады - АҚШ сенаторы Лугар

Халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты таратпау және қатерлі жұқпалы індеттермен күрес саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық одан әрі жалғасын табады. Бұл туралы пікірді АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Ричард Лугар бүгін, 18-тамызда Алматыда өткен шаған баспасөз мәслихатында ортаға салды.

  • 18 Тамыз 2003
  • 1030
Фото - Caravan.kz

Р.Лугардың айтуынша, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник бүгін «Нанн-Лугар» бағдарламасы аясында АҚШ конгрессі ұсынған «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасы» шеңберінде елімізде тындырылған іс-шаралар туралы баяндаманы табыс еткен. Заңдарға енгізілген түзетулерге сәйкес, АҚШ жаңадан тәуелсіздікке ие болған елдерге жаппай қырып -жоюға бағытталған қаруларды ел аумағынан Ресейге шығаруға және осындай қару түрлерін жасауға арналған инфрақұрылымды жоюға қол ұшын беру жөнінде міндеттеме жүктеп алған.

Сондай-ақ, Р.Лугардың хабарлауынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруларды жоюға қосқан зор үлесі үшін сенаторға ризашылық білдірген. Президент сондай-ақ, «Нанн-Лугар» бағдарламасы бойынша АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық 2007-жылға дейін жалғасады дегенге сенім білдірді,- дейді Р.Лугар.
Өз кезегінде В.Школьниктің хабарлауынша, АҚШ конгрессі 2003-жылы Қазақстанға республикалық обаға қарсы күрес станциясын жөндеу және жабдықтау мақсатына арнап 20 млн. доллар бөлген. 2004-жылы қосымша тағы да 20 млн. доллар бөлініп, бұл қаржы еліміздегі обаға қарсы күрес станцияларының желісін дамытуға, оба, тырысқақ және күйдіргі дерттеріне қарсы вакциналар жасап шығаруға жұмсалады.
1992-жылдан бері 11 жыл ішінде Нанн-Лугар бағдарламасы аясында бұрынғы Кеңестік республикаларға жаппай қырып-жоюға арналған қаруларды жоюға және сенімді сақтауға бағытталған жобалар аясында 4 млрд. доллар бөлінді. Бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған табысты шаралар қатарында Степногорск қаласындағы биологиялық қару өндіретін дүниежүзіндегі ірі нысанның жойылуын және бұрынғы Кеңес одағы аумағы мен Ресейдегі 6 мыңнан астам ядролық оқтұмсықтардың залалсыздандырылуын атауға болады.

Соңғы жаңалықтар