Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа берілген мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа берілген мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар

Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа берілген мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар

Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді.

  • 26 Мамыр 2023
  • 75
Фото - Caravan.kz

Жұмыспен қамту орталықтары 2011 жылы жергілікті атқарушы органдармен құрылды. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын жүзеге асыру.

Жұмыспен қамту орталықтарында арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді және бірыңғай жұмыс стандарттары қолданылады.

 «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі азаматтар мен жұмыс берушілерге делдалдық қызметтер көрсетеді.  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды іске асырып келе жатыр.

Осы тұрғыда «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Рахимбаев Айбек Амангельдіұлыұлымен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты.

— Айбек мырза! Іле ауданы бойынша жұмыспен қамту ортылығының ашылғанына қанша жыл болды? Және де қанша адамды жұмыспен қамтамасыз еттіңіздер?

— Халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғау Үкіметіміз жүргізіп отырған сындарлы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы біздің аталмыш ұжым ұжымның  қызметкерлері бұл тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын  мейірбан  жандар.

Халықты жұмыспен қамту орталығы ашылғаннан бері 11 жылдың ішінде жұмыспен қамту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, 2021-2025 жылдарға  кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі арналған ұлттық жобаның  аясында 60,0 мыңнан астам жұмыссыз, жұмысқа мұқтаж адамдар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 3,3 мыңнан астам адам кәсіптік қайта даярлау курстарын оқып тұрақты жұмысқа орналасты.

425 адам 1 785,0 миллион теңге көлемінде  жеңілдетілген шағын несие,  664 адамға 398,9 миллион теңге көлемінде мемлекеттік гранттар берілді. Нәтижесінде 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.

— Үстіміздегі жылда атқарылып жатқан жұмыстар мен, мгеріліп жатқан қаражат жайында тоқталсаңыз

— 2023 жылда атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тоқталатын болсақ, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына  4644 адамға қолдау көрсетілді.

2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясында 1468 адамды  қамтуға  жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған, есептік кезеңге 948 адамға орындалды .

Оның ішінде, 25 адам  қысқа мерзімдегі кәсіптік курста тігінші  мамандығына оқуға жіберілді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға  35 адамға 48,3 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз  (400 айлық көрсеткішке дейін)  мемлекеттік грант  берілді.

Жастар практикасына  34 адам, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 92 адам, қоғамдық жұмыстарға 629 адам, «Бірінші жұмыс орны»  жобасы бойынша  52 адам, «Күміс жас» жобасы бойынша 67 адам  және зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыру үшін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша  5 адам жұмысқа орналасты.


— Осы тұрғыда мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыспен қамтылды деп ойлаймын. Сол жөнінде айтып өтсеңіз…

— Әрине, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарды елеусіз, ескерусіз қалдырған емеспіз. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан 114 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Оның ішінде- 21 адамтұрақты жұмысқа орналасты. 3 адам кәсіптік қайта даярлау курсына оқуға жіберілді. 26 адам қоғамдықжұмыстарға, 3 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 49 адам«Бастау бизнес» жобасымен оқыды. Ал, «Күміс жас» жобасы бойынша 4 адам және 9 адам12,4 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант алып өз кәсіптерін ашты.

Сонымен қатар, прабация қызметінің тіркеуінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың қатарынан барлығы 27 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал көрсетілді.

Атқарылған істердің нәтижесі бойынша, ауданның әлеуметтік саласында көрсеткен жетістіктері облыс көлемінде жоғарғы көрсеткіштерге ие. Жұмыспен қамту орталығы пандемия кезінде жұмыс орындары қысқартылып, қиындықтар туындаған сәттерде, жұмыссыздық деңгейін өршітпей, халықты жұмыспен қамту жолында еңбек етті.

— Халықты жұмыспен қамтуда елеулі жұмыстар атқарып келе жатырсыздар. Марапаттарыңыз бар шығар…

— Әрине, марапаттар бар. Солардың біреріне атап өтер болсам,

орталық мамандарының еңбектері еленіп, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ, екі қызметкер директор орынбасары Бердибекова Ұлбосын, маман Касенова Ляна  Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

— Айбек мырза! Өзіңіз атап өткендей атқарып жатқан жұмыстарыңыз өте көп. Қаншама халықтың алғысына бөленгендеріңіз, жұмыспен қамтамасыз еткендеріңіз, белсенді түрде жұмыс атқарып жатқандарыңыздың дәлелі. Сұхбатыңызға көп рахмет!