Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Тәуелсіз мемлекеттің ішкі саясатына қол сұғып, территориялық тұтастығын, егемендігін мойындамайтын депутаттың парламентте халықтың өкілі болып отыруға хақы жоқ", — деп жазды Қанат Айтбаев.
Естеріңізге салсақ, кеше мәжіліс депутат Азамат Әбілдаев "Азаттық радиосына" берген сұхбатында Украинадағы соғысты қолдайтынын айтқан болатын.
"Мен Ресей президентін қолдаймын. Мұны Украинадағы арнайы операция деп есептеймін. Менің ойымша, Украина халқы осы жазда Зеленскийді өз қолымен ұстап, сотқа береді", — деді депутат.