Халықтың осал тобына әлеуметтік көмек қашан да қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықтың осал тобына әлеуметтік көмек қашан да қажет

Халықтың осал тобына әлеуметтік көмек қашан да қажет

Қазақстан әу бастан-ақ өзінің негізгі бағыттарын айқындап алған елдердің бірі. Ал еліміздің даму стратегиясында халықтың әлеуметтік жағы

  • 22 Қараша 2017
  • 12534
Фото - Caravan.kz

Қазақстан әу бастан-ақ өзінің негізгі бағыттарын айқындап алған елдердің бірі. Ал еліміздің даму стратегиясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Ал әлеуметтік сала қоғам өмірінде басты рөл атқарады. Сол себепті еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қоғаммының әлсіз тұсына баса көңіл бөліп келеді.

Caravan.kz медиа-порталы әлеуметтік жағынан нашар қорғалған жандарға биліктің қалай назар аударып отырғанын саралап көрді.

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының санаты кімдер жатады?

Ең әуелі халықтың әлеуметтік жағынан қорғауға жататын топтарды анықтап алсақ. Бекітілген ереже бойынша олар мыналар екен:

 1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;
 2. I және ІІ топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
 3. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
 4. заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
 5. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;                                                                                                                              6. кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар жатады. 
 7. оралмандар;
 8. экологиялық зілзалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
 9. көп балалы отбасылары;
10. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттірін, әскери қызметін
орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
 11. Толық емес отбасылары.

Ел конституциясына сәйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Ал оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Оның ішінде халықты әлеуметтік қорғау негізгі бағыттардың бірі  болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік жылдары жүр­гізген реформаларының нәтижесі, негізгі мақсаты — халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін құру болды. Осылайша халықтың қорғалмаған бөлігін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жылдан жылға ауқымды шаралар атқарыла басталды.

Мәселен, еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің алдағы уақытта қалай өзгеретіні жайлы жуырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтқан болатын. Оның айтуынша, 2018 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 %-ға жоғарлайды екен. Ал нақтылап тоқталып өтсек, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбекті) 8 %-ға, базалық зейнетақы және басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі 6 % өседі.

Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдіс-тәсілдері де өзгереді. «Мәселен, бүгінде базалық зейнетақы төлемдері еңбек өтілі есепке алынбай барлығына біркелкі беріліп келсе, 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады. Светлана Жақыпованың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасын ескере отырып, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі де, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі де еңбек өтілі есепке алынады.

«Бұл шара еңбек өтілі көп бола тұра аз зейнетақы алып келген зейнеткерлердің зейнетақысын айтарлықтай жоғарылатуға, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, жаңа жылдан бастап, халықтың тұтыну шығындарына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы да өзгертілетін болады. Қазіргі таңда оның мөлшері 24 459 теңге құрайды және күніне 2175 килокалория деңгейіндегі жан басына шаққандағы орташа энергетикалық құндылықты қамтамасыз ететін 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, азық-түлік себетінің құрамы мен нәрлілігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес келеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымы неге өзгерді?

Оның да жауабы Еңбек және халықты әлеуметтік әлеуметтік қорғау министрлігінен белгілі болды. Сонымен, ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымын өзгертудің мәні мынада екен: бүгінгі күні азық-түлік себетіне кіретін азық- түлік үлесі 60%, ал тағамдық емес тауарларлар үлесі 40% құрайды. Алайда арнайы зерттеулер жұмыстары нәтижесінде, халықтың тұтыну шығындарының іс жүзіндегі құралымын ескере отырып, сарапшылар себеттегі тағамдық емес тауарлар үлесін 45% -ға дейін ұлғайтуды ұсынып отыр.

Осылайша, 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап, бұл ара салмақ 55% және 45% құрайтын болады. Құрылымның өзгеруі ең төменгі күнкөріс деңгейін де ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алдағы жылы 1-қаңтардан бастап ол 28 284 теңге құрайды. Ал бұл, Қазақстанның 3 млн. тұрғыны үшін әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі деген сөз.

Халықтың осал топтарын әлеуметтік қамтамассыз ету үшін қанша қаржы бөлінген?

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін ерекше санаттағы жандарға үкімет тарапынан миллиондаған қаржының бөлінген байқауға болады.Мәселен сандарға жүгінсек, ағымдағы жылдың 9 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ел азаматарына 115,7 млрд теңге көлемінде төлем жасаған.

140,8 мың азамат жүктілік пен босануға, бала асырап алуға байланысты әлеуметтік жәрдемақы алды. Мұндағы төлемнің жалпы сомасы 48 млрд теңгені құрап, орташа есептегенде бұл қаржы әр адамға 333 мың теңгеден келді.

Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне 53 млрд теңге қарастырылып, аталған бағытта 350 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауды иеленіп, төлемнің орташа деңгейі 24 мың теңгеден асты.

Еңбекке қабілетін жоғалтқан жандарға жұмсалған 7,4 млрд теңге жан басына 12 мың теңгеден есептелді.

Асыраушысынан айырылған тараптарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған қаржы сомасы, орташа алғанда, 15 мың теңгеден белгіленіп, аталмыш әлеуметтік көмек түрін жалпы 5,8 млрд теңгеге 38 мыңнан астам қазақстандық еншіледі. Жұмыссыз қалған кездегі әлеуметтік қолдаумен орташа деңгейі 18 мың теңгеден 1,5 млрд теңге көлемінде 26 мың адам қамтамасыз етілді. Жалпы 2016 жылы 2 миллионнан астам адамды зейнетақымен қамсыздандыруға 1 трлн теңгеден артық қаржы қарастырылған..

Алдағы жылдары қалай болады?

Ең басында айтқанымыздай халықтың әлжуаз тобына мейлінше көмек беру жылдан жылға өсіп келеді. Оған жалаң сөз бен құрғақ уәде емес нақты сандар дәлел болады. Мысалы, 2018 жылы жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек еліміздегі халық ең көп шоғырланған Оңтүстік Қазақстан облысының 300 мыңға жуық тұрғынын қамтиды деп жоспарланған. Келер жылы жұмсалатын қаржы көлемі үш есеге өсіп, 18 млрд теңгені құрамақ. Бұған қоса «Өрлеу» жобасы бойынша да тиісті қаржы бөлінеді.

Жалпы елімізде «Өрлеу» бағдарламасы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін жоба еліміздің барлық 14 облысы мен Астана және Алматы қаласын толық қамтыды. 2017 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішке сәйкес, «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 161,7 мың адамға жетіп отыр. Бұл өткен жылмен алыстырғанда 5,3 есеге артық.

Жұмыспен қамту шараларына 32,5 мың адам немесе «Өрлеу» жобасына қатысушы еңбекке қабілетті азаматтардың 91,7 %-ы тартылды.


«Өрлеу» жобасына шартты атаулы көмекті тағайындау үшін жүгінген отбасылар немесе азаматтар, ай сайынғы жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 60 пайыздан төмен болса және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға келіскен жағдайда қатыса алады

Қазыналы қарттар мәселесі қараусыз қалмайды

Елімізде егде жастағы қариялар айрықша қамқорлық танытылып келеді. Бүгінде Қазақстанда 2,1 миллионнан астам жасы келген зейнеткер өмір сүреді. Биыл шілдеден бастап, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында былтырғы жылмен салыстырғанда 20%-ға дейін өсімін қамтамасыз ету үшін жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері, базалық зейнетақы төлемі ұлғайтылды.

Зейнеткерлердің кедейлікке ұшырауының алдын алу және азаматтардың белсенділігін ынталандыру аясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының тағайындау тәртібі өзгереді. Енді ол еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне сәйкес тағайындалатын болады. Бұл дегеніңіз, көп жұмыс істеген және зейнетақы жүйесіне аударымдар жүргізген азаматтардың зейнетақысы көп болады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс деңгейінің құрамын қайта қарау нәтижесінде, оның өлшемі 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейін артады. Жалпы, ағымдағы жылы, жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында 5 млрд теңгеден астам, оның ішінде біржолғы материалдық көмек ретінде – 2,3 млрд теңге қарастырылған. Атап айтсақ қоғамдық көлікте жеңілдетілген тәртіпте жол жүруге, арзан бағада дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруға, шипажайда емделуден өту сияқты көптеген көмек түрлерін қамтиды.

Шеттен келген қандастарға да тиісті көмек көрсету қарастырылған

Шеттен келген ағайындарға да жылы қабақ танытып, барынша қолдау көрсету еліміздің басты ұстанымы. Тәуелсіздік алған жылдары Елбасы өзі қолға алған көші-қон мәселесі бүгінде мемлекет тарапынан дейін тиісті деңгейде бақылауда. Әр елден келген қазақтаррды бейімдеу, әлеуметік көмек көрсету, барынша жұмысқа орналастыру бойынша да көптгене жұмыстар атқарылған. Жалпы соңғы мәліметтер бойынша еліміз тәуелсіздік алғалы 20 жылда 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келген.

Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын ынталандыру мақсатында, заң жобасында қоныс аудару өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру, Үкімет белгілеген аймақтарға орналасқан кезде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудегі белсенді шаралар аясында әлеуметтік қолдау иелену мүмкіндігі, ықтиярхат алған жағдайда бір жыл ішінде оралманның Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы көзделуде.

ҚР Үкіметі ерікті көші-қонды ынталандыруда, оралмандарды қосқанда қоныс аударушыларды қабылдайтын 7 өңірді (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) және көштің қайнар көзі ретіндегі 4 өңірді (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары) белгілегені мәлім. Жоғарыда келтірілген өңірлерге қоныс аударуды ұйғарған қандастарымызға көш шығындарын жабатын және бір жыл бойы баспана жалдауға қажет қаржыны өтейтін субсидия бөлінеді.

«Үкімет анықтаған өңірлерге көшіп барғандарға барынша жағдай жасау қарастырылған. Біріншіден, 35 айлық есептік көрсеткіш деңгейіндегі отбасының әр адамына берілетін төлемақы сақталады. Екіншіден, көшіп барған отбасыға бір жылға дейін ай сайын тұрғын үй жалдауға 34-68 мың теңге көлемінде ақша төлейміз. Егер солтүстіктің ауылды жерлеріне көшіп барса, жылдық жалға төлейтін ақшаға үй сатып алуға да болады екен. Үй алатын болса, жылдық жалдау ақысын бірден аударуға да келісіп отырмыз», — деген болатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Соғыс ардагерлері

Қазіргі кезде елімізде, 2 776 Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, — ҰОС жылдарында тылда жұмыс істеген 157 679 адам, қоршауда болған Ленинград қаласында жұмыс істегендер 194, – кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында болған 487 адам қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері санатындағы 7 806 адам, ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардың (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары; өзге де Жеңіске үлес қосқан санаттардан 778 азамат өмір сүріп жатыр екен. Ескере кететін жайт, бұл биылы мамыр айындағы дерек.

Қазіргі кезде аса үлкен тағзым етуге тұрарлық осы әлеуметтік қолдау мен өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы біршама іс-қимылдар жасалуда.

Қазақстанда, ағымдағы жылдың басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теңге қарастырылды (жергілікті бюджет — 971,3 млн теңге, демеушілік қаржы — 125,7 млн теңге). 3 мамырдағы жағдай бойынша 838,2 млн теңге сомасында 39,1 мың біржолғы материалдық көмек беріліпі. Оның ішінде түрлі коммуналдық төлем, жеңілдікке ие дәрі-дәрмекмен қамту, жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру және кез келген жерден тегін ем алу сияқты көмек түрлері бар.

Мүгедектер әлеуметтік тұрғыда қорғауды қажет етеді

Қазіргі кезде елімізде Мүгедек адамдарға өмірлік маңызды қызметтерді ұсынатын 36 мыңнан астам әлеуметтік маңызды нысан анықталды. Оның ішінде 18,4 мың нысан (немесе 63,6%) қолжетімсіз деп танылды. Емханалардың, ауруханалардың, мектептердің және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бейімдеу деңгейі 62,4%-ға жетті.

Көліктік инфрақұрылым қолжетімділігінің көрсеткіші 50%-дан төмен. Осы мәселені шешу үшін Қазақстанда әлеуметтік такси қызметтері белсенді дамуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа енгізуге байланысты, соңғы екі жылда такси парктерінің саны 8 есеге (11-ден 89-ға дейін) артты. Жыл сайын әлеуметтік такси парктері 27 мыңнан астам мүгедекке қызмет көрсетеді.

16 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыс істейтін және оқитын мүгедектер үшін жеке көмекшінің және ыммен сөйлесу маманының қызметтерін алды. Қабылданған шаралар мүгедектерге ішінара қолжетімді әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын 20-дан 62,4%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етті.

Статистикалық деректер бойынша зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 400 мыңға жуық жалдамалы қызметкер мүгедектікке алып келетін кәсіптік аурудың және еңбек жарақатының жоғары қауіпті аймағында болып есептеледі.

266 мың мүгедектің еңбек етуге қажетті көрсеткіштері бар, оның ішінде 130 мыңға дейін (48%) еңбек нарығында жұмыспен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар