Халықтың зейнетақы реформасына қатысты хабардарлық деңгейін көтеру үшін ЮСАИД 9,8 мың доллар бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықтың зейнетақы реформасына қатысты хабардарлық деңгейін көтеру үшін ЮСАИД 9,8 мың доллар бөледі

Халықтың зейнетақы реформасына қатысты хабардарлық деңгейін көтеру үшін ЮСАИД 9,8 мың доллар бөледі

АЛМАТЫ. 31-қазан. Kazakhstan Today. АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (ЮСАИД) "Халықтың зейнетақы реформасына қатысты хабардарлық деңгейін көтеру" атты жобаны жүзеге асыруға 9,8 мың доллар бөледі. Бұл туралы "Қалалық әйелдердің бастамашылдық орталығы" қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрайымы Татьяна Головач бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Қараша 2006
  • 537
Фото - Caravan.kz

Жобаның мақсаты — зейнетақы жинақтау жүйесінің ережелерін түсіндіріп насихаттау арқылы халықтың хабардарлық деңгейін көтеру. Бағдарламада өз бетімен жұмысмен қамтылған тұрғындарға арнап семинарлар өткізу мен жеке ақыл-кеңестер беру, сондай-ақ, «қызу желі» арнасымен жұмыс істеу қарастырылған. Срның нәтижесінде мыңдаған адамды оқытып шығару межеленген.

Жоба қазанның басында Алматыда басталды. Ол АҚШ елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады. Оның аясында зейнетақы жинақтау жүйесіне жарна төлемейтін тұрғындардың тобы — жұмыссыздар, көп балалы аналар, еріктілер мен фермерлермен жұмыс жүргізу көзедлген.

Алматы қалалық тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары Анастасия Курасованың айтуынша, қазір «тұрғындардың небәрі 45 проценті ғана зейнетақы қорларына тұрақты жарна төлеушілер болып табылады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта