«Халықтық IPO»: «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасының 40 пайыздан кем емес бөлігін дивиденттерді төлеуге жұмсайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Халықтық IPO»: «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасының 40 пайыздан кем емес бөлігін дивиденттерді төлеуге жұмсайтын болады

«Халықтық IPO»: «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасының 40 пайыздан кем емес бөлігін дивиденттерді төлеуге жұмсайтын болады

Қарағандыда «Халықтық IPO» бағдарламасының пионері «ҚазТрансОйл» АҚ-ның басшылығы әлеуетті инвесторлармен кездесті.

  • 9 Қараша 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

Кездесудің мақсаты «ҚазТрансОйл» АҚ-ның инвестициялық тартымдылығын көрсету және «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасының аясында азаматтарды компанияның алғашқы акцияларын сатып алуға қатысуға шақыру, деп атап өтті роуд-шоудың ұйымдастырушылары.

15 жыл ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әлсіреуі болған емес. Керісінше, өсім қарқыны бар», — деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Азиз Ілеуов.

Ол сондай-ақ, ережеге сәйкес, компаниян IPO-ға шыққаннан кейін таза пайданың 40 пайыздан кем емес бөлігі дивиденттерді төлеуге жұмсалатындығын атап өтті. «Егер акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаса, ол жоғары болуы да мүмкін» , -деді А. Ілеуов.

Ол компанияның IPO-ға қатысуына байланысты мұндай жиналыстардың саны жылына 4 есеге көп болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар