«Халықтық IPO»-ға қатысушылардың есеп-шоттарына акциялар келесі айда түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Халықтық IPO»-ға қатысушылардың есеп-шоттарына акциялар келесі айда түседі

«Халықтық IPO»-ға қатысушылардың есеп-шоттарына акциялар келесі айда түседі

Бүгін «Самұрық - Қазына» қорының ақпараттық тобы «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша «Қазақтелеком» компаниясының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

  • 12 Қараша 2012
  • 292
Фото - Caravan.kz

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері Дәурен Оңаевтың айтуынша, осы бағыттағы шаралардың басталғанына біршама уақыт болды. «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша үгіт-насихат топтарының бір бөлігі халық арасында жүрсе, басқалар «Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялардың ішінде түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

«Ағымдағы айдың басында Үкімет акциялардың нақты бағасын бекіткеннен кейін біздің жұмысымыз күшейді. Себебі халық «Халықтық IPO» туралы ақпарат іздей бастады», — дейді Д.Оңаев.

Бас менеджер атап көрсеткендей, қазақстандық биржаға алғашқылардың бірі болып шыққан «ҚазТрансОйл» компаниясының бір акциясы 725 теңге тұрады. Акцияларды сатып алу бойынша барлық өтініштер 6 қараша мен 5 желтоқсан аралығында қабылданады.

«Қабылдау науқаны 5 желтоқсан, сағат 17:00-ге дейін жүргізіледі. Осыдан кейін акциялар таратылып, есеп-қисаптың барлығы 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Демек, осы күні барлық сатып алынған акциялар өтініш берген азаматтардың жеке есеп-шоттарына түсетін болады», — деді Д.Оңаев.