«Халықтық ІРО»-ға қатысу халал ма, харам ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Халықтық ІРО»-ға қатысу халал ма, харам ба?

«Халықтық ІРО»-ға қатысу халал ма, харам ба?

«Мегаполистің» тілшілері ислам «Халықтық ІРО»-ға қалай қарайтындығын білуге тырысты.

  • 13 Қараша 2012
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Өсім алу тыйым салынған нағыз мұсылмандар ірі компаниялардың акцияларын сатып алып, дивиденттер түрінде пайда таба алады ма?» деген сұраққа жауап іздеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл сұраққа жауап бере алмады. Білім беру және ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбековтың айтуынша, бұл өзекті, бірақ мүлдем жаңа тақырып, сондықтан, «Халықтық ІРО» халал не харам екендігін кесіп айта алмайды. «Басқарма бұл сұрақты қаперге алады, кейін ресми мәлімдеме беретін болады», — деді ол.

Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары одағының көшбасшысы Мұрат Телібековтың пікірінше, егер діндар «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуды шешсе, ол үлкен күнә жасамайды. Телібеков бағдарламаны барлық адамдар (соның ішінде мұсылмандар) төлейтін салықтармен салыстырды. Себебі бұл ақшалар бұдан әрі қайда баратынын — қару-жарақтар мен алкогольді немесе сырқат балаларға дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалатындығын қадағалауға барлығының мүмкіндігі жоқ.

«Бұл бағдарлама мұсылмандарға харам болып табылатындығын кесіп айту үшін, салынған ақшалардың одан арғы қозғалысын жіті білу қажет. Бұл ретте бұл мүмкін емес. Сондықтан мен мұсылмандарды «Халықтық ІРО»-дан бас тартуға үндемес едім. Меніңше, қатысуда тұрған үлкен күнә жоқ», — деп атап өтті М.Телібеков.

Онымен қоса, «Мегаполис» бірқатар танымал адамдарды — Министрлер кабинетінің мүшелерін, ұлттық холдингтердің топ-менеджерлерін, депутаттарды сауалнамаға тартып, бұл бағдарламадан көптеген VIP-персоналар пайда табуды көздеп отырғандығын анықтады.

Соңғы жаңалықтар