Жарияланды: 450

Хамид Карзай Астанаға ұшып келді

Хамид Карзай Астанаға ұшып келді

Астананың халықаралық әуежайына Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың арнайы ұшағы келіп қонды, деп агенттік тілшісі хабарлайды.

Қазақстан тарапынан оны ҚР премьер-министрі К. Мәсімов, ТЖ министрі Владимир Божко бастаған ресми делегация қарсы алды. 15-ші маусымда ШЫҰ құрылғанына он жыл толуына арналған мерейлі саммиті өтеді. Саммит барысында ШЫҰ онжылдық Декларациясын қабылдау жоспарлануда. Онда алдағы перспективаға ШЫҰ аясындағы бірлескен жұмыс бағыттары белгіленеді. Сондай-ақ ШЫҰ мүше-мемлекеттердің есірткіге қарсы 2011-2016-шы жылдарға арналған стратегиясын қабылдау және оның орындалуы бойынша іс-қимыл бағдарламасы ұсынылады. Одан басқа, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттемелері туралы меморандумға қол қою және ШЫҰ мүше елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қоюы жоспарланған. ШЫҰ – Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елбасыларымен 2001-ші жылы құрылған аймақтық халықаралық ұйым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін