Хамид Карзай Астанаға ұшып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хамид Карзай Астанаға ұшып келді

Хамид Карзай Астанаға ұшып келді

Астананың халықаралық әуежайына Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың арнайы ұшағы келіп қонды, деп агенттік тілшісі хабарлайды.

  • 14 Маусым 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Қазақстан тарапынан оны ҚР премьер-министрі К. Мәсімов, ТЖ министрі Владимир Божко бастаған ресми делегация қарсы алды. 15-ші маусымда ШЫҰ құрылғанына он жыл толуына арналған мерейлі саммиті өтеді. Саммит барысында ШЫҰ онжылдық Декларациясын қабылдау жоспарлануда. Онда алдағы перспективаға ШЫҰ аясындағы бірлескен жұмыс бағыттары белгіленеді.

Сондай-ақ ШЫҰ мүше-мемлекеттердің есірткіге қарсы 2011-2016-шы жылдарға арналған стратегиясын қабылдау және оның орындалуы бойынша іс-қимыл бағдарламасы ұсынылады.

Одан басқа, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттемелері туралы меморандумға қол қою және ШЫҰ мүше елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қоюы жоспарланған.

ШЫҰ – Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елбасыларымен 2001-ші жылы құрылған аймақтық халықаралық ұйым.

Соңғы жаңалықтар