«Хан Шатыр» сауда орталығының маңындағы алаңға 20 киіз үй тігілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Хан Шатыр» сауда орталығының маңындағы алаңға 20 киіз үй тігілді

«Хан Шатыр» сауда орталығының маңындағы алаңға 20 киіз үй тігілді

Ертең Қазақстан халқы Ұлыстың ұлы күні - Наурызды тойлайды.

  • 20 Наурыз 2017
  • 412
Фото - Caravan.kz

Күн мен түннің теңеліп, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағын астаналықтар да үш күн бойы атап өтеді. 21-23 наурыз аралығында елорданың бес алаңында көктем мерекесіне қатысты мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Сағат 10:00-ден басталатын жалпыхалықтық той-думан кешкі беске дейін жалғасады.

Үш күндік мереке «Хан Шатыр» маңындағы алаңда да атап өтіледі. Мұнда Астана қалалық әкімшілігі мен ұлттық компаниялардың атсалысуымен 20 киіз үй тігілді. Қазір ұйымдастырушылар соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Мәдени басқарма мен қаладағы театр әртістері көпшілік алдында өз өнерлерін паш етеді. Салт-дәстүрден көріністер сахналанады. Сонымен қатар елорданың этно-мәдени бірлестіктерінің де дайындаған іс-шаралары бар. Ұлттық ойындардан бәсекелер өтіп, бұл күші бойына сыймағандар қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күрестіруден шеберлік байқасады. Мереке кезінде көне дәуірден сыр шертетін шығыс базары да жұмыс істейді.

Зибагүл Карина, Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың актрисасы:


— Біз енді Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдан мына жерге дайындыққа келдік. Бірақ негізгі дайындық театрымызда өтіп жатыр. Енді бесікке салу, тұсаукесер сияқты қазақтың ұлттық дәстүрлерін көрсетеміз.

Боранбай Молдабаев, Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың актері:

— Ұлттық ойындарымыз асық, гір көтеру, арқан тарту, мына жерде алтыбақан тұр. Осының бәрін көрсететін өнер адамдары ғой. Соған үлкен дайындық жасап жатырмыз. Өйткені бұл бөлек нәрсе емес, Ұлыстың ұлы күні — ұлы мереке. Бәріміз қауышатын күн, бәріміз жиналатын күніміз.

Айсұлтан Бекболатұлы, Астана гуманитарлық колледжінің оқытушысы:

— Біз колледжден 150 адамдай келдік, оқушылар, спортшылар бар. Олар осы жерде күреседі, билейді, арқан тартысады. Музыканттар, әртістер көп көрініс қояды.

 

Соңғы жаңалықтар