"Хан Тәңірі" мейрамханасының директоры тапсырыспен өлтірілген - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хан Тәңірі" мейрамханасының директоры тапсырыспен өлтірілген - ҚР ІІМ

"Хан Тәңірі" мейрамханасының директоры тапсырыспен өлтірілген - ҚР ІІМ

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы "Хан Тәңірі" мейрамханасының директоры тапсырыспен өлтірілген. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қазан 2008
  • 624
Фото - Caravan.kz

«Қазір тергеу бірнеше жорамал жасап отыр, соның ішінде тапсырыспен кісі өлтіру белгілері де бар», — деді Б. Қожахметов.

«Оқиға орнынан калибрі 9 миллиметрлік бір оқ пен бір гильза табылды». Оның хабарлауынша, Алматыдағы құқық қорғау органдары «осы оқиғаның куәгерлері болса, мәлімет беруді сұрамақшы».

«Кісі өлімі шыққан жерге Алматы ІІД төрағасы мен аудан прокуроры барды. Қазір ІІД-де жедел тергеу тобы құрылып жұмыс істеуде»,- деді ІІМ өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4 қазанда Алматыда «Хан Тәңірі» мейрамханасының директоры өлтірілді. Ақпарат көзінің хабарлауынша, ол түстен кейін Жамбыл мен Шагабутдинов көшелерінің қиылысында орналасқан Night Star мейрамханасынан шығып, өз көлігіне отырған. «Осы сәтте белгісіз біреу көліктің оң жақ артқы есігін ашып, Макаров тапаншасынан бір оқ атқан. Соның салдарынан басынан жарақаттанған мейрамхана директоры оқиға орнында қаза тапты», -деп хабарлады ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар