Ханзада Ага Хан Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ханзада Ага Хан Қазақстанға келеді

Ханзада Ага Хан Қазақстанға келеді

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ханзада Ага Хан 28-31 қазан аралығында Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 28 Қазан 2008
  • 370
Фото - Caravan.kz

Ханзада сапар аясында Қазақстан басшылығымен кездеседі.

«Сапардың мақсаты — Қазақстан мен Адам ресурстары саласындағы даму жөніндегі Ага хан ұйымы (ОАХР) арасындағы өңірлік тұрақтылық, плюрализм мен өркениетаралық түсіністікті дамытуға жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасу», деді Е. Ашықбаев.

Ага хан ұйымы өз қызметін экономикалық даму, әлеуметтік даму және мәдениет бағыттары бойынша жүргізеді. Ұйым БҰҰ-мен және оның құрылымдық бөлімшелерімен, Әлемдік банкпен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерімен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан әлемдегі ең ірі халықаралық жеке ұйымдардың бірі болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар