ХҒС орбитада өсірілген қияр мен қызанақты жеуге рұқсат алмақшы

«Жапон модулінің бортында біз қияр өсіріп, эксперимент жүргізбекпіз», - деп дүйсенбі күні Байқоңырда өткен баспасөз мәслихатында жапон астронавты Сатоси Фурукава мәлім етті.

Оның айтуынша, эксперимент барысында өсу гормоны тексерілмек. «Бізге оларды жеуге рұқсат етпейді», - дейді астронавт.
«Біз өз бөлігімізде қызанақ өсіреміз. Оны жеуге рұқсат етілмейді. Бірақ одан салат жасайтын шығармыз», - дейді ресейлік ғарышкер Сергей Волков.