Ваннада хиджабпен жатқан бойжеткен түрлі әрекеттер жасаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео кадрларында блогер бойжеткен үстіне душтан су ағызып, артынша косметикалық құралдардың бірін тіліне құйып, ваннадағы суға түсіп, отпен ойнап, сүт ішіп, оны кеудесіне төгеді.
«Менің тарапыма айтылатын сындардың бірде бірі өзім туралы пікірімді өзгерте алмайды. Сондықтан дауыстарыңыз қарлығып қалса да, маған бәрі-бір», — деп жазды Джикаева.
Пікір қалдырушылардың кейбіріне блогердің видеосы ұнаған. Алайда желі қолданушыларының дені оның әрекетін сөгіп тастады.
«Сол орамалға қалқынып қалсаң екен. Саған қараудың өзі күнә», — деп жазды қолданушы Mmmaaarh.
«Дін мен хиджабты қорлама. Егер видеодағыдай әрекеттер жасағың келсе, орамалыңды шеш те, ойыңа келгенді істе», — деп жазды _rustam_shovda_.
Джикаева Солтүстік Кавказда Instagram желісіндегі парақшасымен танымал. Оған 300 мыңға жуық қолданушы жазылған