Айыпталушы Н. Қазақстан ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Зорлау) бойынша айыпталды.
Сот мәліметіне сәйкес, Н. 2020 жылдың 12 қыркүйегінде кешкі уақытта үйіңе жеткізіп саламын деген сылтаумен жәбірленушіні көлігіне отырғызған. Ауылдың шетіне тоқтағаннан кейін қызды зорламақ болып қол жұмсаған, өлтіремін деп қорқытқан.
Жәбірленуші прокурор сұраған жаза мерзімімен келісті. Ал екінші тарап Н.-ді ақтауды сұрады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова 2020 жылдың қыркүйек айында такси ретінде көлігімен тоқтап, кейіннен бойжеткенді алысқа апарып, көлігінде зорламақшы болған азаматтан қашып кетуіне көмектескен үш куәгерге (жігіттер – авт.) іздеу жариялады.
9 сәуірде «Мені құқық қорғау органының қызметкері зорламақ болды» деген Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова өзіне жала жабылып, алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатқанын айтты.
📣10 августа 2021 года Карасайским районным судом Алматинской области вынесен приговор в отношении Н. по факту покушения…
Posted by Qarasai Audandyq Soty on Monday, August 9, 2021