Хилари Клинтон АҚШ президенттігіне қатысуды жоспарлап отырған жоқ
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон Эй-Би-Си телеарнасымен сұхбаттасу кезінде 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді. |
Х.Клинтон АҚШ-тағы келесі президент сайлауына қатысасыз ба деген сұраққа жоқ деп жауап берді. «Мен саясатпен тағы айналысамын деп шынымен ойламайтынымды айтқан болатынмын», деді ол.
«Соңғы 20 жылда мен АҚШ пен халықаралық аренадағы қызметімде жоғары деңгейге қол жеткіздім, қазір мұны қоятын кез келді деп ойлаймын. Мен кітап оқумен, жазумен, айтумен, оқытушылықпен айналысуым мүмкін», - деп АҚШ мемлекеттік департаментінің 65 жастағы басшысы атап көрсетті.
Х.Клинтон мемлекеттік хатшы қызметінен кеткеннен кейін не істейтініне қатысты нақты жоспары жоқтығын айтты, алайда қоғам игілігі үшін, мәселен, қайырымдылықпен айналысуды немесе білім беру саласында жұмыс істеуді қалайтынын айтты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін