Reuters агенттігі Ақ үйдегі дерек көзге сілтеме жасап осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Х.Клинтон осы лауазымды алғысы келеді», — деп хабарлады дерек көздердің бірі.
Дерек көздің айтуынша, Мемлекеттік хатшы бұған дейінгі мәлімдемелерінде қазіргі қызметінде 4 жылдан артық отырмайтынын айтқан екен.
Тағы бір дерек көздің айтуынша, Х.Клинтонның бұл ниетін АҚШ Президенті Барак Обама қолдап отырған көрінеді. Бірақ та әзірге, Ақ үй басшысының Клинтонды Дүниежүзілік банк басшылығына ресми тағайындауға келіскен-келіспегені белгісіз және ол үшін аталмыш ұйымға мүше 187 елдің келісімі тағы керек.
Бірақ та, Клинтон ханымның баспасөз хатшысы Филипп Райс жоғарыдағы ақпаратты теріске шығарып отыр. Оның айтуынша, мемлекеттік хатшылықтан кету туралы әзірге сөз болып отырған жоқ.