Дүйсенбі күнгі кездесуде "Темелин" чех атом стансасының екінші кезеңінің құрылысы талқыланады. Бұл қымбат құрылысты салуға ресейлік "Атомстройэкспорт" пен америкалық Westinghouse компаниялары таласып отыр.
Хиллари Клинтон Прагадан кейін Брюссельде аялдап, НАТО кеңесіне қатысады, одан кейін Ирландия мен Солтүстік Ирландияға барады, деп хабарлайды «Азаттық».