С.Баймұхановтың айтуынша, жаңа цех Орталық Азия аймағындағы жұмсақ дәрілер өндіретін бірден-бір өндіріс болмақ. Цехтың құрылысын Чехияның «Lab&Pharma s.r.o» компаниясы салады. Жаңа өндірісте Швецияның Getinge және Norden сынды компанияларының ең озық технологиялық жабдықтары орнатылады. Цехтың алғашқы өнімі 2006-жылдың төртінші тоқсанында шығады деп межеленген.
Қазіргі жағдаймен «Химфарм» АҚ айына 10 млн. ампула және 100 млн. таблетка өндіреді. Бұл — республикадағы барлық дәрілік өнімдердің 65 процентін құрайды.
2005-жылдың алғашқы жартысында компания 1, 125 млрд. теңгенің өнімдерін сатты. Бұл былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 20 процент артық.
Дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттың 5 цехында 790 адам жұмыс істейді.