Хиросимада «Asiana Airlines» ұшағы апатты жағдайда қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хиросимада «Asiana Airlines» ұшағы апатты жағдайда қонды

Хиросимада «Asiana Airlines» ұшағы апатты жағдайда қонды

Оңтүстіккореялық Asiana Airlines әуе компаниясының жолаушылар лайнері сейсенбі күні жапондық Хиросима қаласының әуежайына апатты жағдайда қонды.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz


Жапонияның NHK орталық телеарнасының хабарлауынша, оқиға салдарынан кемінде 23 адам зардап шекті. Хиросима префектурасының өрт басқармасында олардың жеңіл жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Құтқарушылардың айтуынша, авиалайнер қонған соң ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Оның қасына бірден өрт сөндіру машиналары жіберілді.

Жапондық телеарнадан көрсетілгендей, ұшақтың сол жақ қанаты түтіндеген. Жолаушылар үрлемелі құтқару трапы арқылы ұшақтан шығарылды. 
Айта кетейік, ұшақ оңтүстіккореялық Инчхон мен Хиросима қалалары арасында ұшқан. Оның бортында 74 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған.
Қазір оқиғаның орын алу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, лайнер қонған сәтінде ұшу-қону жолағында "жер бетіндегі қандай да бір жабдықты" қағып кеткен.