Жарияланды: 230

Хирург науқастардың бауырына өз есімін қалдырып отырған

Хирург науқастардың бауырына өз есімін қалдырып отырған

Оқиға 2013 жылы ақпанда және тамызда болған

Ұлыбританиялық сот хирург Саймон Брэмхоллды екі науқастың ағза мүшесінде өз есімін қалдырғаны үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz The Telegraph-қа сілтеме жасап.  

Оқиға 2013 жылы ақпанда және тамызда болған. Ол бауыр ауыстыру отасы кезінде лазерлік сәуле арқылы науқастардың ағза мүшесіне SB әріптерін қалдырып отырған. Брэмхолл "Шабуыл" бабы бойынша өз кінәсін мойындады, алайда денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша айыптаумен келіскен жоқ. 

Хирургтер лазерлік сәулені аққан қанды тоқтату үшін қолданады, сонымен қатар олар оны ота жасалатын жерді белгілеу үшін пайдаланады. Оның іздері белгілі бір уақыттың ішінде кетіп қалады. Алайда бір науқаста екінші рет ота жасау кезінде басқа бір дәрігердің іздері қалып қойған байқаған. 

Прокурор Тони Бэденочтың айтуынша, "бұл ерекше әрі қиын іс". Мұндай іс бұрын-соңды болмаған. 

Брэмхолл Бирмингемдегі ханшайым Елизавета атындағы ауруханада 12 жыл жұмыс істеген. 2014 жылы тәртіптік тергеу шаралары басталғанда, ол отставкаға кеткен. Сонымен қатар, науқастардың бірі жергілікті Birmingham Mail газетіне берген мақаласында, осы дәрігердің өз өмірін аман алып қалғанын айтып, жұмысқа қайтып шақыруын талап етті. Хирургке 12 қаңтарда сот үкімі шығарылады. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін