Еліміздің түкпір-түкпірінен келген білімдар оқушылар бүтін жыл бойына ғасыр көшбасшысы деген атақ үшін додаға түсті. Ең үздік төрт оқушы қатысатын финалдық сайыста 32 мың доллар көлеміндегі білім беру гранты бас жүлдеге қойылады.
«Бұл жолғы финалдық сайыс -кіші-гірім мерейтойлық сайыс болмақ. Өйткені, еліміздегі ең бір маңызды білім беру жобасына баланған бұл интеллектуалдық сайысты биыл бес жылдық белеске көтерілді»,- дейді агенттіктегілер.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық жобасының басты мақсаты — дарынды жастарды тауып іріктеу болып табылады. «Еліміздің түрлі өңірлерінен келген көптеген үздік оқушылар осы жобаның арқасында өз білімдерін паш етіп, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сонымен бірге бағдарлама олардың басым бөлігіне еліміз бен шетелдердің жетекші жоғары білім ошақтарында білім алуды одан әрі жалғастыруға нақты мүмкіндіктер берді»,- дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі болып табылатын «Хабар» агенттігіндегілер.
Осы мерзімде бағдарлама тек танымал телевизиялық жобаға айналып қана қоймай, сонымен бірге жастар арасындағы әлеуметтік маңызы зор оқиғаға айналып үлгерді. Мәселен, бағдарламаның негізінде ойынға қатысушылар «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты республикалық бірлестік құрып, қоғам өміріне белсене араласумен бірге жастар арасында түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда.