ХОК президенті Рогге ХХХ Жазғы Лондон Олимпиадасының ресми түрде жабылғанын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХОК президенті Рогге ХХХ Жазғы Лондон Олимпиадасының ресми түрде жабылғанын жариялады

ХОК президенті Рогге ХХХ Жазғы Лондон Олимпиадасының ресми түрде жабылғанын жариялады

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Жак Рогге ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Лондон Олимпиадасының аяқталғанын ресми түрде жариялады.

  • 13 Тамыз 2012
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Олимпиада ойындары көптеген жастарды спортпен айналысуға, өз армандарын іске асыруға итермелейтіні сөзсіз. Енді дәстүрге сәйкес мен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарын жабық деп жариялаймын және жастарды 4 жылдан соң Рио-де-Жанейрода қайтадан бас қосуға шақырамын», — деді Ж.Рогге.

«Құрметті спортшылар, Сіздер бүкіләлемдік аудиторияның ілтипаты мен мадағына лайықсыздар және 3000 жыл бұрын Олимпия шыңында басталған Ойындардың тарихында жаңа тарау қалдырдыңыздар. Сіздер әділдіктеріңіздің, қарсыласқа деген құрмет-сыйластықтарыңыздың, сондай-ақ жеңістерде де, жеңілістерде де көрсеткен абыройлы қылықтарыңыздың арқасында олимпиадашылар атануға әбден лайықсыздар. Бұл бақытты және ұлы ойын болды», — деп түйіндей келе, ХОК президенті Ж.Рогге Олимпиада ойындарының қожайындары — британдықтарға шексіз алғысын білдірді.

Айта кетейік, ашылу салтанаты 27 шілдеде болды. Олимпиада жарыстары барысында 205 делегация спортшылары 302 жиынтық жүлдені сарапқа салды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера