Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан төрт команда белгілі болды. Сейсенбі күні кешке топтық кезеңдегі соңғы екі матч өтті. Ресей құрамасы жарыс иесі Беларусь командасын 2:1 есебімен ұтса, екінші кездесуде Чехия құрамасы 5:4 есебімен овертаймда Франция командасын сүріндірді. Ширек финалға шыққан жұптар: Канада — Финляндия, АҚШ — Чехия, Ресей — Франция, Швеция — Беларусь. Ширек финалдық ойындар 22 мамыр күні өтеді.