Хоккей: «Барыс» командасы «Слованға» жол берді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» командасы «Слованға» жол берді

Хоккей: «Барыс» командасы «Слованға» жол берді

Кеше Словакия Братислава қаласында кезекті ойынын өткізген астаналық «Барыс» командасы жергілікті «Слован» хоккей клубынан ұтылып қалды.

  • 25 Қыркүйек 2012
  • 359
Фото - Caravan.kz

Кездесудің алғашқы кезеңінде-ақ «Барыс» хоккейшілері екі шайбаны жіберіп қойды. Кейін есепті теңестіру үшін барынша тырысты. Бірақ біздің легионер Николай Антроповтың қарсыластар қақпасына салған бір шайбаға «словандықтар» тағы бір нәтижелі шабуылмен жауап берді. Есеп 3:1. Үшінші кезеңде Дастин Бойд таразы басын 3:2-ге дейін жеткізді. Алайда словак хоккейшілері тағы да алға шықты. Қорытынды есеп — 4:2.

Айта кетейік, соңғы 9 ойынның қорытындысы бойынша «Барыста» 11 ұпай бар.