Хоккей: «Барыс» «Металлург» құрамасына есе қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» «Металлург» құрамасына есе қайтарды

Хоккей: «Барыс» «Металлург» құрамасына есе қайтарды

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сериясында «Металлург» құрамасымен екінші кездесуді өткізген астаналық «Барыс» 4:1 есебімен жеңіске жетті.

  • 3 Наурыз 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz


Матч басталысымен «Барыс» өз қарсыластарын шабуылдаумен болды. Осының арқасында ойынның 6-шы минутында Лукаш Кашпар «Металлургтың» қақпасына алғашқы шайба салып, есепті ашты. Магнитогорлықтар есеп таразысын теңестіре білді. Бірақ бірінші кезең аяқталмай-ақ Андрей Гаврилин қарсыластардың қақпашысын қапы қалдырып, тағы бір шайбаны салды. Екінші кезеңде Талғат Жайлауов үшінші шайбаның авторы атанды. Осыдан кейін қарсыластар «Барыстың» қақпасына қырғидай тиді. Бірақ бірде-бір шайба сала алмады. Матчтың соңғы минуттарында «Металлург» командасы өз қақпашысын да шығарып, есеп айырмасын өзгертуге тырысты. Осы сәтті шебер пайдалана білген барыстық Дастин Бойд бос тұрған қақпаға матчтың соңғы шайбасын салып үлгерді. Есеп 4:1.Осылайша, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сериясында алғашқы кездесу бойынша «Барыс» есеп таразысын теңестірді. Бұған дейінгі ойында қазақстандық хоккейшілер «Металлург» құрамасынан 2:3 есебімен ұтылған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера