Хоккей: «Барыс» өз айдынында Екатеринбургтың «Автомобилист» командасына есе жіберіп қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» өз айдынында Екатеринбургтың «Автомобилист» командасына есе жіберіп қойды

Хоккей: «Барыс» өз айдынында Екатеринбургтың «Автомобилист» командасына есе жіберіп қойды

Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында өткен ойында «Барыс» өз айдынында Екатеринбургтың «Автомобилист» командасына есе жіберіп қойды.

  • 20 Қаңтар 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Тартысты доданың бастапқы кезеңінен бастап астаналық команданың қарқыны белсенді болды. Атап айтқанда «Барыс» ойынның 3-кезеңіне дейін 2:0 есебімен қонақтардан алда келе жатты. Алайда 3-кезеңдегі 15 минуттың ішінде астаналық команда қақпасына үш шайбаны қатарынан өткізіп алды. Ойынның аяқталуына 7 секунд қалғанда «Барыс» хоккейшілері есепті теңестіру мүмкіндігін жүзеге асырды. Бірақ та негізгі ойыннан кейін өткен буллит сайсында айдын иелері қарсыластарына есе жіберіп қойды. Сөйтіп 3:4 есебімен «Автомобилист» хоккейшілері жеңіске жетті.

«Барыс» командасының келесі ойыны 21 қаңтарда "Нефтехимик" (Нижнекамск) хоккейшілерімен болады.