Хоккей: «Барыс» өз айдынында «Торпедо» командасымен тартысқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» өз айдынында «Торпедо» командасымен тартысқа түседі

Хоккей: «Барыс» өз айдынында «Торпедо» командасымен тартысқа түседі

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астанада «Барыс» командасы мен нижегородтық «Торпедо» тартысқа түсетін болады.

  • 27 Желтоқсан 2011
  • 367
Фото - Caravan.kz

Бүгінде ҚХЛ кестесінде «Торпедо» хоккейшілері Батыс конференциясында 55 ұпаймен 5 орында тұр. Ал елордалық «Барыс» 56 ұпаймен Шығыс конференциясында 7 орында тұрақтады.

Осының алдындағы ойында нижегородтық команда Челябинскінің «Тракторына» 0:2 есебімен ұтылған болатын. Ал «Барыс» мәскеулік «Динамоны» айқын басымдықпен жеңді.

ҚХЛ аясында бүгінгі қарсыластар 9 рет кездесіп, оның алтауында астаналықтар ұтқан еді. Ағымдағы маусымның басында олар Нижний Новгородта тартысқа түсіп, елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті.