Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Донбасс» - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Донбасс»

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Донбасс»

Бүгін «Барыс» хоккей клубы өз айдынында Украинаның «Донбасс» (Донецк қаласы) құрамасын қабылдайды.

  • 17 Қазан 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz

Айта кеткен жөн, биыл Құрлықтық хоккей лигасына алғаш рет қосылған «Донбасс» командасы осы уақытқа дейін 16 ойын өткізіп, 6 кездесуді жеңіспен аяқтады. Оның еншісінде 16 ұпай бар. Бобров дивизионында ол 6-шы орында келеді.

«Барыс» болса, соңғы екі ойында өз қарсыластарын ойсырата ұтып, 26 ұпаймен Чернышев дивизионында 2-ші орынға көтерілді. Біздің хоккейшілер 17 ойынның 8-інде жеңіс тұғырынан көріне білді.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» — «Донбасс» кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.