Биыл «Барыс» алғашқы үш ойынын сәтті өткізді деп айтуға болмайды. Қазақстандық хоккейшілер «Амур» (Хабаровск) және «Сібір» (Новосибирск) командаларына жол беріп, тек «Металлургпен» (Новокузнецк) өткізген ойында ғана екі ұпайды олжалады. Осылайша, қазіргі кезде «Барыс» 67 ұпаймен 9-шы орында келеді. Ал оның ертеңгі қарсыласы — «Югра» (56 ұпай) 17-ші орында тұр. Былай қарағанда, «Барыстың» жеңіске жетуі әбден мүмкін. Дегемен, астаналық хоккейшілердің «Амур» (39 ұпай) сияқты командаға ұтылғанын ескерсек, ертеңгі ойынның қорытындысын дөп басып айту қиын.
Айта кетейік, «Барыс» — «Югра» ойыны ертең, желтоқсанның 15-сі күні кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «Астана» теларнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.