Хоккей: И. Соларёв екі жылға жарыстардан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: И. Соларёв екі жылға жарыстардан шеттетілді

Хоккей: И. Соларёв екі жылға жарыстардан шеттетілді

Халықаралық хоккей федерациясының тәртіптік комитеті допинг пайдаланғаны үшін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Илья Соларёвті екі жыл мерзімге жарыстарға қатысудан шеттеді. Бұл туралы аталған федерациясының (ИИХВ) ресми сайты хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz


Хоккейшінің допинг сынамасы бірінші дивизионда әлем чемпионатын өткізу кезінде 17 сәуірде алынған еді. Тексеру нәтижесінде 31 жасар форвардта тыйым салынған сальбутамол препараты анықталды.

Соларёвтің өзі бұл препаратты өкпесімен проблема болғаннан кейін қабылдағанын алға тартуда. Алайда тәртіптік комитетке тыйым салынған препарат шабуылшының ойын нәтижесіне әсер етпегендігі жөнінде айғақ ұсынылмады. Осы арқылы И. Соларёв 2015 жылдың 31 шілдесіне дейін ИИХФ бастамасымен өткізілетін жарыстарға қатыса алмайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера