Хоккей: Канадалық К. Даллман Қазақстан азаматтығын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: Канадалық К. Даллман Қазақстан азаматтығын алды

Хоккей: Канадалық К. Даллман Қазақстан азаматтығын алды

Хоккей федерациясы арнайы таратқан мәлімдеме бойынша, 31 жастағы хоккейші Кевин Даллман Қазақстан азаматтығын ресми түрде алған.

  • 4 Ақпан 2013
  • 328
Фото - Caravan.kz

Енді ол Қазақстан құрамасының қорғаушысы болады.

— Даллман Қазақстанда 2008 жылдан 2012 жылға дейін тұрып, Астананың «Барыс» хоккей командасында ойнаған. 2013 жылдың басында хоккейшімен келісім жасалып, Қазақстан құрамасына ойнауға шақырылды. Хоккейшінің Қазақстан атынан әлемдік жарыстарға қатысуға халықаралық хоккей федерациясы арнайы рұқсат берді, — деді Қазақстан хоккей федерациясының менеджері Шуми Бабаев Азаттық тілшісіне.

Кевин Даллман 1981 жылы Канаданың Онтарио қаласында туған. Канаданың «Гелл Шторм», АҚШ-тың «Сент-Луис Блюз», «Лос Анджелес-Кинг» командаларында ойнаған. «Астана» командасында төрт жыл капитан болды. Қазір Ресейдің «СКА» клубында қорғаушы болып ойнайды.

Ұлттық құрама менеджерінің сөзіне қарағанда, Кевин Даллман Австрияда Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. «Ал 7-10 ақпан аралығында Латвияның Рига қаласында Сочи олимпиадасының іріктеуіне қатысамыз. Қазақстан хоккейшілері Латвия, Франция, Ұлыбритания құрамаларымен олимпиада жолдамасына таласады. Осы жарысқа Даллман қатысады»,- дейді ол.

Бабаевтың айтуынша, Кевин Даллманн Қазақстанда бес жыл тұрған, сондықтан азаматтық алудан еш қиындық болмаған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера