Бұл ойында да «Сарыарқа» хоккейшілері барын салды. Алайда қарсыластарының тасқамал қорғанысын бұза алмады. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде «Дизель» өз айласын асырып, бір шайбаны соғып кетті. Үшінші кезеңде де еш өзгеріс бола қойған жоқ. Қорытынды есеп — 1:0.
«Сарыарқа» осымен алтыншы ойында жеңіліп, үш-ақ ұпаймен жалпы турнирлік кестенің ең соңғы орнына сырғыды. «Дизель» болса, ұпай санын 14-ке жеткізіп отыр. Қазір ол 7-орынға көтерілді.