Хоккей: «Сарыарқа» үшінші рет жеңілді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Сарыарқа» үшінші рет жеңілді

Хоккей: «Сарыарқа» үшінші рет жеңілді

Бүгін Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда ресейлік «Южный Урал» (Орск) командасымен кездесіп, қарсыластарына 2:3 есебімен жол беріп қойды.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 306
Фото - Caravan.kz

Ойынның бірінші кезеңінде командалар бірін-бірі зерттеумен болды. Ал екінші кезеңнің үшінші минутында «Сарыарқа» есепті ашты. Алайда бір минут өтпей, қарсыластар таразы басын теңестірді. Есеп — 1:1. Сосын үшінші кезеңде «Южный Урал» командасы бір шайбамен алға шықты. «Сарыарқа» да қалмай, бір минуттың ішінде есепті теңестіре білді. Бірақ қарсыластар тағы да бір шайбаны салып, қорғаныс шебін күшейтті. Ойынның соңына дейін қарағандылық клубтың хоккейшілері оны бұза алмады. Қорытынды есеп — 2:3. «Сарыарқа» үшінші рет жеңіліп, үш-ақ ұпаймен көш соңында келеді.


Қарағандылық клубтың келесі ойыны Челябі қаласында өтеді. Сол жерде олар жергілікті «Челмет» командасымен кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера