Хоккей: Сочи олимпиадасының жолдамасына таласта Қазақстан Латвиядан ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: Сочи олимпиадасының жолдамасына таласта Қазақстан Латвиядан ұтылды

Хоккей: Сочи олимпиадасының жолдамасына таласта Қазақстан Латвиядан ұтылды

Латвия құрамасына 2:3 есебімен жол берген Қазақстан хоккейшілерінің енді сығырайған үміттері бар. Ол үшін латыштар Франциядан ірі есеппен

  • 9 Ақпан 2013
  • 373
Фото - Caravan.kz

Латвия құрамасына 2:3 есебімен жол берген Қазақстан хоккейшілерінің енді сығырайған үміттері бар. Ол үшін латыштар Франциядан ірі есеппен ұтылуы керек болса, біздің жігіттер ағылшындарды тұқыртуы тиіс.

Өкінішке орай, Қазақ елінің қыздары да Қытайдан 1:2 есебімен ұтылып, жолдамадан түбегейлі үміттерін үзіп отыр.

Айдын қожайындары төрешінің ысқырығы естілісімен біздің қақпаға лап қойды. Алғашқы минуттардың қарбаласқан сәттерінде екі шайбаны бірінен соң бірін тоғытып қазақстандықтардың сағын сындырғандай болған… Қазақстан бапкері лезде қақпашы Колесникті Еремеевпен ауыстырды. Өз кезегінде Еремеев бірнеше қауіпті соққыларды қайтара алды. Біздің жігіттер естерін тез жиып, ептеп ойын тізгінін өздеріне аударғандай да болған. Бірінші кезеңнің соңына таман есепті қысқартты. Екінші кезеңде латыштардың азшылықта қалған сәтін ұтымды пайдаланып есепті теңестірген біздің жігіттер үмітімізді оятты.

Үшінші кезеңнің алғашқы минуттарында Кевин Даллман өрескел қателікке бой алдырып, қарсыластың шайба соғуына мүмкіндік беріп қойды. Өз кезегінде латыш Дарзиньш мүмкіндікті қалт жібермей маңызды шайбаны соқты. Ойын бітуіне бірер минут қалғанда қазақстандықтар тәуекелге бел байлап қақпашысыз алты ойыншымен ойнаған. Тіпті гол да соққан еді, бірақ бейнеқайталаудан анықтап қарағаннан соң «аяқпен соқты» дегенді желеу еткен төрешілер бұл шайбаны есепке алмады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера