Хоккей - жастар арасында әлем чемпионатында Канада құрамасы алтын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей - жастар арасында әлем чемпионатында Канада құрамасы алтын алды

Хоккей - жастар арасында әлем чемпионатында Канада құрамасы алтын алды

Канаданың хоккей құрамасы жастар арасында әлем чемпионатының 16 дүркін чемпионы атанды. Ақтық сында ресейліктерді  5:4 (2:1, 3:3, 0:0) есебімен тізе бүктірген солтүстік америкалықтар алтын еншіледі.

  • 6 Қаңтар 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz

Валерия Брагин жаттықтыратын ресейлік команда ойын басталысымен 2 минуттың ішінде бірден екі гол өткізіп алды. Соған байланысты бапкер қақпашыны да ауыстырып жіберді. Салдарынан бірінші айналым канадалықтардың басымдығымен (2:1) аяқталды. Екінші және үшінші айналымдарда тең есеп тіркелді — 3:3 және 0:0.Жалпы есеп — 5:4.

Жастар арасында әлем чемпионаты (U20). Финал.

Канада — Ресей — 5:4 (2:1, 3:3, 0:0)

1-0. Дюклер (Доми), 00.23.


2-0. Пол (Пойнт, Виртанен), 02.32.

2-1. Юдин (Голышев, Дергачев), 09.20.

3-1. Макдэвид (Моррисси), 25.08.

4-1. Доми, 27.22

5-1. Доми (Райнхарт), 32.30.

5-2. Барбашев (Бучневич, Юдин), 34.21 — бол.

5-3. Толчинский (Голдобин, Валиев), 34.53.

5-4. Голдобин (Толчинский, Каменев), 37.37.

Біріншіліктің қола медалі Швеция құрамасын жеңген Словакияға бұйырды.