Хоккейден 2014 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанға қарсылас атанатын ұжымдар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден 2014 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанға қарсылас атанатын ұжымдар анықталды

Хоккейден 2014 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанға қарсылас атанатын ұжымдар анықталды

Шайбалы хоккейден 2014 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына қарсылас атанатын командалар анықталды.

  • 21 Мамыр 2013
  • 369
Фото - Caravan.kz

Келер жылы өтетін әлемдік сынға Қазақстан құрамасы да қатысатыны белгілі. Біздің құрама дүйсенбі күні топтық кезеңдегі қарсыластарын білді, деп хабарлайды «Аламан».

А тобы

Швеция, Чехия, Канада, Словакия, Норвегия, Дания, Франция, Италия.

В тобы

ҚАЗАҚСТАН, Ресей, Финляндия, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия, Белоруссия.

Естеріңізге сала кетейік, Швецияның Стокгольм қаласында жексенбі күні өткен соңғы Әлем чемпионатының финалында алаң иелері Швейцария құрамасын 5:1 есебімен ұтып, 1986 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионы атанды. Ал олардың ақтық сындағы қарсыластары бұған дейін 60 жылдан бергі чемпионат тарихында күміс медаль иеленіп көрмеген. Швейцария құрамасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін тоғыз қарсыласын да ұтқан еді. Қола жүлдені Финляндияны 3-2 есебімен ұтқан АҚШ құрамасы иеленді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера