Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы А тобында бірінші орынға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы А тобында бірінші орынға шықты

Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы А тобында бірінші орынға шықты

Владимир Крикунов жаттықтыратын қазақстандық команда хоккейден Әлем чемпионатының Бірінші дивизионындағы А тобында екінші жеңісіне қол жеткізді.

  • 16 Сәуiр 2013
  • 347
Фото - Caravan.kz

Жарыстар Венгрияның Будапешт қаласында өтуде.

Vesti.kz-тің хабарлауынша, әлем біріншілігінің екінші матчында қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияның құрамасымен кездесті. Матчтың алғашқы минуттарында көшбасшыны анықтау қиынға соқты. Екі команда да шабуылдауға тырысты, бірақ қақпашылар өз орындарынан табылды. Бірінші кезеңнің соңында Қазақстан қоржынында бір гол болды. Константин Пушкаревтің көмегімен Константин Романов Стивен Мерфидің қақпасынан саңылау тапты. Ал Илья Соларев Максим Беляевтің пасымен келесі шабуылда-ақ қазақстандықтардың басымдығын екі еселеді.

Екінші жиырма минутта екі команда да қақпаны алуға жақын болды. Екінші кезеңнің аяқталуына бір минут қалғанда Роман Савченко Мерфидің қақпасына тағы бір гол жіберді.

Үшінші кезеңнің басында қазақстандық хоккейшілер тағы бір шайбаны кіргізді. Вадим Краснослободцев британдық қақпашыға мүмкіндік қалдырмады. Ал Евгений Блохин болса, бесінші шайбаның авторы атанды. Айта кетейік, матчтың үздік ойыншысы болып Колесников танылды.

Осы жеңістің арқасында қазақстандық құрама шайба саны бойынша итальяндық хоккейшілерді артта қалдырып, А тобында бірінші орынға шықты.

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатындағы келесі кездесуді 17 сәуір күні мұз алаңының иелері — Венгрия құрамасымен өткізеді.

Еске салайық, бірінші ойында отандық хоккейшілеріміз Жапония құрамасын жеңген болатын.

Хоккей. Әлем чемпионаты. І Дивизион. А тобы:

Қазақстан — Ұлыбритания — 5:0 (2:0, 1:0, 2:0).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера