Хоккейден әлем чемпионатының нәтижелерін шаян болжайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден әлем чемпионатының нәтижелерін шаян болжайтын болады

Хоккейден әлем чемпионатының нәтижелерін шаян болжайтын болады

2014 жылы Минскіде хоккейден өтетін әлем чемпионатының нәтижесін Петрович есімді алып шаян болжайтын болады.

  • 20 Қараша 2013
  • 403
Фото - Caravan.kz

Ол Минск «Ашық теңіз» океанографиясы орталығына сол үшін арнайы әкелінді. Бұл туралы Беларусьтың Спорт және туризм министрлігінің баспасөз хатшысы Владимир Нестерович хабарлады.

Океанография орталығының директоры Алексей Азаров шаянның аквариумы хоккей алаңының үлгісінде жасалады деді. Ал оның матч нәтижелерін қалай болжайтыны әзірге құпияда сақталып отыр, деп хабарлайды segodnya.ua.

Спорттық матчтардың нәтижелерін алдын ала жануарлар арқылы болжау 2010 жылы кең танылды. Айталық, ОАР-да футболдан өткен әлем чемпионатында Пауль сегізаяғы финалмен бірге сегіз матчтың нәтижелерін дәл болжап берген болатын. Пауль өзінің болжамын тамақ салынған екі контейнердің бірін таңдау арқылы жасады. Қай елдердің ойыны өтіп жатса, сол елдің жалауы контейнерлерде бейнеленетін болған.

Еске сала кетейік, хоккейден әлем чемпионаты 2014 жылы Минскіде 9-25 мамыр аралығында өтеді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера